Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш полицейлері Ресей көлігінен шолақ мылтық тәркіледі

Сарыағаш полицейлері Ресей көлігінен шолақ мылтық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ның тәртіп сақшылары “Автомобиль” іс-шарасы барысында түнгі уақытта күдік тудырған Ресей автокөлігін тоқтатады. Тексеру кезінде Ваз-2105 автокөлігінің оң жақ қауіпсіздік белбеуінің жанынан қос ауызды шолақ мылтық табылды. Сарыағаштық полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеп, күдікті азаматты полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай, қару еш жерге тіркелмеген заңсыз болып шықты. Анықталғандай, күдікіті Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты. Бүгінгі таңда күдікті азамат қолхатта. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің жиналған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру