Алматы полицейлері 73 жылыту радиаторының ұрлығын ашты
Алматы полицейлері 73 жылыту радиаторының ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Медеу ауданының полициясы хабарлағандай, тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында ірі ұрлық орын алған.
– Келіп түскен мәлімдемеге сәйкес, бірнеше сағат ішінде белгісіз біреу пластикалық есікті қысу арқылы үйге заңсыз кірген, ол жерден 940 секциядан тұратын 73 дана алюминий батареясын жасырын ұрлаған. Осылайша, жәбірленушіге 1 миллион 700 мың теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Бұл қылмыстың беті ашылды. Оны жасады деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны 33 жастағы Р.есімді азамат ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – деді Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Күдебаев.