Ақтөбелік полицейлер есірткілік масаң күйдегі жүргізушіні ұстады
Ақтөбелік полицейлер есірткілік масаң күйдегі жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 тамыз күні сағат 22.05-те Шайкенов көшесі мен Әз Наурыз көшесінің қиылысында патрульдеу кезінде патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына Opel Vectra автокөлігі түсті. Патрульдер көлікті тоқтатты. Көлік жүргізушісі 47 жастағы ер адам болған және ол мас күйде болған. Құқық бұзушыда алкогольдің иісі болмағандықтан, патрульдер жүргізуші есірткінің әсерінен мас болған деп болжады. Бұл кейіннен куәландыруды растады.
Кейін жүргізушінің осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.
ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (КҚ-ны басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның КҚ-ны басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қаласының УҰИ-ға қамауға алынды.