Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта бұрын сотты болған ер адам дүкенге ұрлыққа түскен

Сарыағашта бұрын сотты болған ер адам дүкенге ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Оның айтуынша, өзінің дүкеніне белгісіз азамат ұрлыққа түсіп, ұялы телефон мен бір млн теңгеден  астам ақшасын жымқырып кеткен. Осылайша жәбірленуші азаматқа 1,3 млн  теңге көлемінде шығын келтірген.

Хабарды алысымен полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, ұрлық жайтын ашуға бірден кірісті. Орын алған қылмысты ашу мақсатында аудандық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәлардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Дүкен ішіндегі бейнебақылау камералары мұқият тексерілді. 

Тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны тәулік ішінде ұстады. Анықталған күдікті ер азамат бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Белгілі болғандай, түнгі уақытта күдікті дүкеннің сыртқы есігін бұзып, ішке кірген. Содан соң кассада болған ақша мен керекті заттарын алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру