Сарыағашта ел аумағына заңсыз кірген 2 шетел азаматы анықталды
Түркістан облысында Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кірген шетелдіктерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкелері аудан аумағындағы шетелдіктердің тиісті құқық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады.
Осындай шара барысында Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында орналасқан айналма тас жолы арқылы ҚР-ның аумағына заңсыз кіріп кеткен екі Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-профилактикалық шараларының нәтижесінде аталған азаматтар Алматы қаласында жұмыс жасау мақсатында жүргендері анықталып, Сарыағаш АПБ-ға жеткізілді. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан қаласының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді!