Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеке жер телімінде есірткі еккен түркістандықтан 255 түп өсімдік табылды

Түркістан облысының полицейлері 250-ден астам түп есірткіні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан ҚПБ-ның полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, заңсыз есірткі еккен күдіктіні құрықтады. Күдікті ер адам өз пәтеріне тиесілі жер телімінде құрамында есірткісі бар өсімдік түптерін ірі мөлшерде өсірген.

Түркістандық тұрғынның үйін тінту кезінде жедел уәкілдер күтіп-бапталған, ерекше иісі бар, есірткіге ұқсас 255 түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Оның қорытындысымен алынған есірткінің “марихуана” екені анықталды.Аталған жайт Түркістан ҚПБ СДТТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктінің құрамында есірткісі бар өсімдіктерді не себеппен өсіріп, сақтағанын анықтауда.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері аталған баптың санкциялары үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастыратынын ескертеді. Егер сіз осындай қылмыстың куәгері болсаңыз, тез арада “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру