Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер үшін психологиялық тренинг-жаттығулар өткізілуде

Шымкенттік полицейлер үшін психологиялық тренинг-жаттығулар өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің психолог мамандары бөлім және аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлерімен эмоционалды және кәсіби шаршауының алдын-алу мақсатында “Дендросаябақ” аумағында психологиялық тренинг-жаттығулар өткізуде. Іс-шара ағымдағы жылдың 8-17 шілде аралығында жоспарланған.

Тәжірибелі психологтар алдымен “Қызметкерлерді экстремалды жағдайларға кәсіби-психологиялық дайындау” және “Терроризммен күресудегі профайлинг”, “Стресс және кәсіби шаршаудың алдын алу” тақырыптарын ойысып, кеңінен түсіндірді. Оқу-жаттығу кезінде қаруды алып, оны атуға дайындалар алдында тыныс жолдарын жақсарту мақсатында “Тыныс алуды бақылау” психотехникалық жаттығулар жүргізіліп және психологиялық тұрақтылықты дамытуға бағытталған тренингтіктер (ситуативті жағдайда өзін бағалау, стресстік жағдайдан арылу және т.б.) өткізілді.

Қызметкерлер психологиялық сабаққа белсене қатысып, табиғат аясында жұмыс кезінде кездесетін ауыртпалықтарды біршама ұмытып, “Шеринг” жаттығуы арқылы жүргізіліп, кері байланыс ретінде қатысушылар алған әсерлерімен ой бөлісті.

– Қызметкерлердің ішкі психологиялық шиеленісін шығару үшін психоэмоционалдық босаңсу іс-шаралары мен психологиялық тренинг-жаттығуларды саябақтар мен ашық алаңдарда өткізу қызметкерлердің психологиясына қысым түсірмей және өзін еркін ұстауына әсер етеді, қызметкерлердің эмоционалды және кәсіби деформациясы мен кәсіби шаршауының алдын алады. Бұл жеке қызметкердің өзіне және ұжымды біріктіруге зор мүмкіндік, – деді психолог мамандар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру