Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта мас жүргізуші 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Түркістан облысында мас жүргізуші өмір бойы көлік құралын жүргізу құқыығы мен алты жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері жолда жүру ережелерін сақтау мақсатында рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде. Кезекті шара барысында полицейлер жол жүру ережесін өрескел бұзып, жолда келе жатқан жаяу жүргіншіні абайсызда қағып кеткен «Ваз-2106» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде көліктің иесі Сарыағаш аудандық сотының қаулысымен 2019 жылы ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес көлік басқару құқығынан үш жылға айырылғаны анықталды. Сондай-ақ полицейлер жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Тәртіп сақшылары осы жайтты нақтылау үшін жүргізушіні сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы автокөлік жүргізушісінің мас екендігін растады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тіркеп іс-құжаттарды жинақтап, Сарыағаш аудандық сотына жолдады. Бүгінде сот күдікті азаматты ҚК 346-бабы бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан және алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру