ШҚО-да 160-тан астам адам КСРО төлқұжатымен жүр
ШҚО-да 160-тан астам адам КСРО төлқұжатымен жүр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын, сондай-ақ 1974 жылғы КСРО төлқұжатын уақытылы ауыстырған адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.Бұл адамдар жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты денсаулық сақтау, білім беру қызметтерін алуда, қажетті жәрдемақылар мен зейнетақыларды ресімдеуде шектеулі және ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ.
Жыл басынан бері 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттарымен 160-тан астам адам Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылды.
– Мәселен, Ұлан ауданының полиция бөліміне 61 жастағы ер адам жүгінді, ол 90 жылдары Украинада берілген 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаты бойынша Қазақстанға келген. Ұлан ауданында тұрып, жұмыс істеген, отбасын құрған, балалары бар. Өрт кезінде төлқұжаты өртенгендіктен, ер адам 26 жылдан астам уақыт бойы Украинадан оның құжаттарына қатысты жауап келмеуіне байланысты жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының елшілігі арқылы Украинадан қажетті құжаттарды сұратуға жәрдем көрсетті. 29 қазанда ер адам Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды. Енді ол үшін басқа қазақстандықтармен тең дәрежеде барлық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе алады.
Осыған байланысты ШҚО Полиция департаменті қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігін ресімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуге кеңес береді.