СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы Ғазиз Байтасовтың құрметіне бір минут үнсіздік жариялады
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы Ғазиз Байтасовтың құрметіне бір минут үнсіздік жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ғазиз Байтасов – Таразда террористті ұстау кезінде қаза тапқан қазақстандық полицей. Оған қайтыс болғаннан кейін “Халық Қаһарманы” атағы берілді.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің, ЕС-164/1,3,6,8,9 мекемелерінің жеке құрамымен, сондай-ақ Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімі Ғ.Байтасовтың құрметіне арнап бір минут үнсіздік өткізді.
Сондай-ақ жас қызметкерлермен Ғазиз Байтасовтың өмірімен таныстыру мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыста батырдың өмірі туралы мәлімет айтылып, жеке құрамның назарына бейнефильм ұсынылды.
– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде ішкі істер органдарының 900-ге жуық қызметкері қаза тапты. ІІО қызметкерлері өз өмірлерін қатерге тігіп, елдің игілігі үшін қызмет атқарады. Өскелең ұрпақ ел игілігі үшін кеткен қызметкерлердің ерлігін назарға алып, әрдайым есте сақтауы тиіс, – деп бөлісті СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.