Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта өзгенің көлігін заңсыз иемденіп, ауданды шарлаған азамат анықталды

Сарыағашта өзгенің көлігін заңсыз иемденіп, ауданды шарлаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлік ұрлығына қатысы бар 34 жастағы ер адамды анықтады.

Белгілі болғандай, кешкі уақытта жәбірленуші Mersedes автокөлігін оталдырып, көлігі қызғанша дүкенге кірген уақытта көлікті көрген күдікті жігіт заңсыз айдап кеткен. Алдымен аудан ішін аралап, біраз жерді шарлаған. Артынан көлікті үйінің ауласына әкеп қойған.

Полицейлер қолды болған автокөлікті тәркілеп, иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру