Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық полицейлер көршісінің көлігіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Сарыағаштық полицейлер көршісінің көлігіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келеді. Оның айтуынша, өзіне тиесілі «Ауди» маркалы автокөлігінің ішінен «JVC» маркалы колонкаларын белгісіз біреулер ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 98 мың теңгені құрайды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Сарыағаш АПБ-нің полицейлері осы ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына тез арада келіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде небары бір тәулік ішінде күдікті ұсталды.

Тергеу барысында анықталғандай, ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Өз кінәсін толық мойындаған күдікті бас пайдасының қажеттілігі үшін осындай әрекетке барған. Күдікті ер азамат түнгі 3-тер шамасында ешкім жоқтығын пайдаланып, ұрлық жасаған. Сондай-ақ ұрланған заттар заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 23 жастағы күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.

Сонымен қатар дүкенді ашық күйде қалдырмай, есік-терезелердің жабылғандығына толық көз жеткізіп алыңыздар. Ұрлық орын алған сәтте, тез арада полицияның «102» телефоны арқылы хабар беріңіздер деп ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру