Сарыағаштық полицейлер мүгедек анаға қайырымдылық көмек көрсетті
Түркістан облысы полицейлері мұқтаж жандардың отбасына азық-түлік таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полицейлері «Қамқорлық» қайырымдылық шарасын өткізіп, жалғызбасты ананың үйіне көмек көрсетіп, алғысына бөленді.
Бұл жолы Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен 1-топтағы мүгедек Раушан Мейірбековаға күнделікті қажетті азық-түліктер табысталды. Осылайша полицейлер аз қамтылған отбасындағы денсаулығы төмен ананың үйіне арнайы барып, қуантып қайтты.
Тәртіп сақшылары тарапынан қамқорлықты сезінген отбасы мүшелері аудан сақшыларына ізгі амалдары үшін алғысын жеткізіп, қызметтеріне табыс тіледі.
– Осындай қиын сәтте бізге демеу болып, қамқорлық танытқан полицейлерге алғыс айтамыз. Отбасылары аман болсын. Абырой-даңқтары арта берсін!, – деді тұрғын Раушан Мейірбекова.
– Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болуды да естен шығармаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, – дейді сарыаштық полицейлер.