Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштықтың көлігінен қару табылды

Түркістан полицейлері ер адамның көлігінен қару тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың жолын кесу, полиция мәртебесін көтеру мен халықпен тығыз қарым-қатынас орнату.

Мәселен іс-шара кезінде Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылының учаскелік полиция инспекторы белгіленген аумағында рейд жүргізу барысында Спанов көшесі бойында Ресей федерациясынан есептен шығып кеткен Ауди автокөлігін тоқтатады.

Қазіргі таңда көлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару) бойынша хаттама түзілді. Тәртіп сақшылары автокөлікті тексеру кезінде алдыңғы орындығының астынан тіркеуде жоқ 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы қаруы айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды.

Бүгінде құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда бұл материалдар Сарыағаш аудандық әкімшілік сотына жолданды.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді және жол қозғалысының өзге де қатысушыларын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және жолдарда абай болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру