Сарыағаштық полицейлер тұрғын үйден ақша жымқырған ер адамды ұстады
Сарыағаштық полицейлер тұрғын үйден ақша жымқырған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі арызданып, белгісіз біреулер түнгі уақытта үйіне терезеден кіріп, жатын бөлмеде тұрған 300 мың теңге ақшасын жымқырып кеткенін көрсеткен.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде, сарыағаштық тәртіп сақшылар тәулік ішінде күдікті деп танылған ер азаматты анықтады.
Тергеу барысында күдікті азаматтың жергілікті тұрғын екендігі белгілі болды. Сондай-ақ, полицейлер күдікті азаматтың ұрлықты жоспарлы түрде жасағанын және ұрлаған ақшаны өз кажетіне жұмсап жібергенін білді. Бүгінде ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.