Сарыағаштық полицейлер заңсыз есірткі сақтаған күдіктіні ұстады
Сарыағаштық полицейлер заңсыз есірткі сақтаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу бойынша күнделікті тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізуде. Сарыағаш АПБ КПБ-ның жедел уәкілі Қазыбек Әбдірәлі осындай шараларды жүргізу барысында, жергілікті тұрғын өзінің үйінің алдында күдік тудырған. Содан соң оны тінту кезінде, шалбарының қалтасынан бір дана қағазға оралған есірткіге ұқсас заты табылды. Анықталған өсімдік тәркіленіп алынып, сараптама тағайындалды.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркеді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат «кептірілген марихуана» болып шықты. Салмағы – екі грамға жуық. Қазіргі таңда күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде. Бас шарасы қолхатта.
Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.