Сарығашта есірткіге масайған жүргізуші 15 тәулікке қамалды
Сарығашта есірткіге масайған жүргізуші 15 тәулікке қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш ауданы ПБ-ның қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде.
Осы тұста полицейлер түнгі сағат 01:30 шамасында аудан көшелерінің бірінде ГАЗель жүк көлігін тоқтатты. Полиция қызметкерлері оны тексеру барысында жүргізушінің масаң күйде екенін аңғарды. Бұл жайттың анық-қанығына көз жеткізу үшін оны медициналық сараптамадан өткізді.
Нәтижесінде, жүргізушінің есірткі қолданып, масаң күйде көлікті басқарғаны анықталды.Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша іс құжаттар жинақтап, заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолдады.
Сарыағаш аудандық сотының қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім қабылданды.