Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда модульдік полиция бекеттерінің жұмысы арқасында қылмыс деңгейі төмендеді

Павлодарда модульдік полиция бекеттерінің жұмысы арқасында қылмыс деңгейі төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік қызмет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында және Қазақстан полициясының “жұртқа жақын” полиция қағидаты бойынша жұмыстың сервистік моделіне көшуіне байланысты полиция жұмысының барынша ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату үшін Павлодар қаласының аулаларында 4 модульдік полиция бекеті орнатылды. Олар азаматтардың өтініштері мен шағымдарына жедел және уақтылы ден қоюды қамтамасыз етеді және криминогендік жағдайға байланысты қылмыстан көп зардап шеккен учаскелерге көшірілуі мүмкін.

Статистика көрсетіп отырғандай, облыс орталығында модульдік полиция бекеттерінің жұмысы арқасында әкімшілік учаскелерде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 36%-ға, мас күйінде жасалған қылмыстардың 44%-ға төмендегені байқалады. Сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың 66%-ға төмендеу үрдісі байқалады. Бұдан басқа, өтелмеген және алынбаған соттылығы бар адамдар құқық бұзушылықты 33%-ға аз жасай бастады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Айта кету керек, осындай модульді полиция бекеті Баянауыл ауданында жұмыс істейді, жақын арада модульдік бекеттер Екібастұз, Ақсу қалаларында және облыстың басқа аудандарында да жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру