Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаев қаласында әйелді тонап кеткен күдікті қолға түсті

Сәтбаев қаласында әйелді тонап кеткен күдікті қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 мамыр күні сағат 23:00 шамасында Қарағанды облысы, Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне көпқабатты үйлердің ауласында белгісіз біреу әйел адамды тонап кетті деген хабарлама түсті. Араға санаулы минут салып, оқиға орынына сол маңға жақын жердегі патрульдік полиция взводының наряды жеткен.

44 жастағы жәбірленуші полиция қызметкерлеріне кешкілік уақытта үйіне келе жатқанда белгісіз біреу кенеттен шабуыл жасап, күш қолданып, қолындағы құны 150 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып әкеткенін айтқан.

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне күдіктінің шамамен 30-35 жас аралығында екенін және сыртқы келбетін сипаттап берген. Күдікті туралы азда болса ақпаратқа қанық болған полиция наряды сол маңдағы аулаларға тінту жүргізіп, жұмысқа кіріскен. Атқарылған жұмыстар барысында олар өздеріне күдік тудырып, полиция көлігін көрген бетте қашуға оқталған ер адамды көріп, ұстаған. Ол жәбірленушімен танылды.

Күдіктінің 30 жастағы Жезқазған қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, күдіктіден жәбірленушінің ұялы телефоны тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру