Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаев қаласында қаскүнем зейнеткерге көшеде шабуыл жасаған

Сәтбаев қаласының полицейлері көшеде күш қолданып, зейнеткерді тонаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 желтоқсанда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 74 жастағы зейнеткер хабарласып, көшеде белгісіз біреудің өзіне шабуыл жасап, әмиянын тартып алғанын айтқан. Әмиянда әжейдің жеке және зейнеткерлік куәліктері болған. Жәбірленуші өзіне шабуыл жасаған азаматтың 35-40 жас шамасындағы ер адам екенін хабарлады.

13 желтоқсанда криминалдық полиция қызметкерлері зейнеткерді тонаған 34 жастағы азаматты анықтап, құрықтады. Оның бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру