Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаев қаласының полицейлері бұрын жасалған ұрлық фактісін ашты

Сәтбаев қаласының полицейлері екі ай бұрын жасалған ұрлық фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы, Сәтбаев қалалық полиция бөліміне 27 жастағы қала тұрғыны хабарласқан.

Жәбірленуші арызында кешкілік жұмыстан келген соң көп қабатты үйінің ауласына автокөлігін қойған. Таңертең белгісіз біреулер оның автокөлігіне кілт таңдап, көліктен аккумулятор, дәнекерлеу аппараты, бейнетіркегіш және кілттерін ұрлап кеткенін жазған. Оған келтірілген шығын көлемі 157 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

29 сәуір күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы азамат ұсталды. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру