Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 52 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды

Павлодар облысында 52 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстың полиция қызметкерлері қоғамдық көліктің және заңды тұлғалар көлігінің техникалық жай-күйін тексеру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

Жыл басынан бері тексеру нәтижелері бойынша түрлі құқық бұзушылықтар үшін 52 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде 37-сі техникалық ақаулары бар көлік құралдарын пайдалануға бергені және пайдалану қағидаларын өзге де бұзғаны үшін, бесеуі көлік құралдарын басқару құқығы жоқ немесе одан айырылған жүргізушіні көлік құралын басқаруға рұқсат бергені үшін, ал 10-ы мас күйіндегі жүргізушіні көлік құралын басқаруға жібергені үшін жауапқа тартылды, – деді Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Арыстан Дүйсембаев.

Мысалы, Ертіс ауылында полиция қызметкерлері “Газель” маркалы мектеп автобусын тексеру кезінде көліктің техникалық тексеруден өту мерзімі аяқталғанын анықтады. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 9-бөлімі (Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Құқықтық тәртіп сақшыларымен автобустың мемлекеттік нөмірлік белгілері тәркіленді.

Сондай-ақ, мектеп автобусын жолға шығаруға жауапты мектептің лауазымды тұлғасы ҚР ӘҚБтК 617-бабының 1-бөлімі (Көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты тұлғалардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларының талаптарын орындамауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру