Сәтбаев тұрғынынан екі ұялы телефон ұрланған ер адам қолға түсті
Сәтбаев тұрғынынан екі ұялы телефон ұрланған ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қыркүйекте Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол белгісіз біреу пәтерге кіріп, екі ұялы телефонды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 182 мың теңгені құрады.
Анықталғандай, ұры бірінші қабатта орналасқан пәтерде терезе ашық тұрғанын пайдаланған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
26 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.