Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда телефон арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Қарағандыда телефон арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Қарағанды ​​қаласының ПБ Жедел басқару орталығының 102 телефонына қойылған жарылғыш құрылғылар туралы бес хабарлама келіп түсті. Олардың барлығы жалған хабарлама болып шықты. Аталған фактілер негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаланың бес тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта олардың үшеуі сот үкімімен екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, екі қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы факт 29 тамызда болды. Белгісіз біреу 102 телефонына қоңырау шалып, сауда үйлерінің біріне қойылған “бомба” туралы хабарлады. Күдікті 30 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ол қоңырауды мас күйінде жасағанын түсіндіріп, мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру