Сатбаевта 9 дүкен тыйым салынған уақытта алкоголь сатқан
Ұлытау облысының полицейлері тыйым салынған уақытта алкоголь өнімдерін сатудың 9 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Демалыс күндері Сәтбаев қаласының тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қала дүкендерінде алкогольдік өнімдерді тыйым салынған уақытта сатудың бірнеше фактілерін анықтады.
Белгілі болғандай, пайда көздеп, жеңіл ақша табуды көздеген сатушылар тыйымға немқұрайлылық танытып, түнде алкогольдік өнімдерді сатқан. Осылайша, Қазақстан Республикасының алкоголь өнімін сату туралы заңнамасының талаптарын бұзған.
Полиция қызметкерлерімен барлық фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 200-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.