Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да “Жүргізушіге хат” атты челлендж ұйымдастырылды

ШҚО-да “Жүргізушіге хат” атты челлендж ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Оқушылардың күзгі демалыстары күндері қарсаңында ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы және “Aq jol” балалар-жасөспірімдер клубының бастамасымен жол-көлік оқиғаларын алдын алуға бағытталған “Жүргізушіге хат” атты челлендж ұйымдастырды.

“Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің “Жігер” балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі” МКҚК-нің оқушылары жүргізушілерге 150-ден астам хат жазды. Сондай-ақ олар өз жазба үндеулерін ұйымдастырушыларға тек электронды поштаға жолдамай, сонымен қатар әлеуметтік желілерге де орналастырды.

Балалардың шығармашылық жұмыстарын мұқият зерттеген әділқазы алқасы құрамындағы ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионов осы басқарманың ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Әлия Рағызбаева және педагог Рашида Мұқашева көп еңбектеніп, әр хатқа тақырыпқа сәйкестігіне, өзектілігіне, сауаттылығына және әзірлеу түрлеріне баға берді.

Челлендж нәтижесі бойынша кіші топта бірінші орынға Алина “Өркен” балалар-жасөспірімдер клубының оқушысы иеленді. Ал екінші орында – Мұхаммед “Жігер” Шығармашылық орталығынан, үшінші орында – Рузана “Эллада” балалар-жасөспірімдер клубынан анықталды.

Үлкен жастағы балалар арасында жүлделі бірінші орынды Меруерт “Арман” БЖК-дан және Назерке “Aq jol” БЖК-дан иемденді. Екінші орында – Рамина, үшінші орында – Айша. Ережеге сәйкес барлық жүлделі орын алған балалар мадақтамамен марапатталды. Ал барлық челлендж қатысушыларына сертификат ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру