Сәтбаевта әйел жасөспірімнен ұялы телефон тартып алған
Сәтбаевта әйел жасөспірімнен ұялы телефон тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 наурыз күні Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық полиция бөліміне 48 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу дүкенде оның 17 жастағы қызының ұялы телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құраған.
Жедел-тергеу тобы қызметкерлерімен «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 44 жастағы азаматша ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.