Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер 6 немересін жалғыз өсіріп отырған әжейге қайырымдылық жасады

Түркістандық полицейлер алты немересін жалғыз өсіріп отырған әжейге қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері уақытпен санаспайтын қиын да қауіпті жұмыстарынан бөлек, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға қолдау көрсетіп, демеушілік жасап тұрады.

Мысалы, Қазығұрт АПБ бастығының бастамасымен, жеке құрам қызметкерлерінің қолдауы арқылы Амал мерекесінде қайырымдылық жасалды. Аудандық тәртіп сақшылары алты немересін жалғыз өзі өсіріп отырған Пернеш Сатаеваның үйіне арнайы барды.

Баласы мен келіні мезгілсіз өмірден озып, бар ауыртпалық өзіне түскен ананың қал-жағдайын біліп, аталған жанұяға күнделікті қажетті азық-түлік апарып берді.

Өз кезегінде жалғызбасты ана полицейлердің ізгі амалына риза болып, қызметтеріне табыс тіледі.

– Қазығұрт ауданы полиция бөлімінен келген басшылар мен оның қызметкерлеріне көп алғысымды айтамын. Менің жалғыз өзім немерелерімді бағып отырғанымды ескеріп, қолдарынан келген жақсылықтарын жасап, жәрдемдесуде. Сіздерге мың алғыс! Осылай халықты қолдарыңыздан келгенше қуантып, тек алғысын алып жүре беріңіздер, – деп атап өтті әжей.

– Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болу біздің күн тәртібімізден түскен емес. Қажет болса, азық-түліктей, киімдей, қаржылай көмек береміз. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек, – дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру