Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта біреудің көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды 

Сәтбаевта біреудің көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 шілдеде Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 45 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Ол белгісіз біреу көп қабатты үйдің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткенін айтып шағымданды. Шығын 1,5 миллион теңгені құрайды.Дереу жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, көп ұзамай полиция қала көшелерінің бірінде ұрланған көлікті байқады. Тез әрекет етіп, олар 26 жастағы ер адам басқарған көлікті тоқтатты.
Көлік ұрлаушы біреудің көлігіне отырып, қыдырып келуді жоспарлаған. Көлік құралы жәбірленушіге қайтарылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Ұрлық мақсатынсыз автокөлікті заңсыз тартып алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру