Сәтбаевта ер адам балабақшаға кіріп, ұялы телефон ұрламақ болды
Сәтбаевта ер адам балабақшаға кіріп, ұялы телефон ұрламақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қараша күні сағат 13.40 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөліміне балалар мекемелерінің біріне белгісіз біреу кіріп кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Сәтбаев қалалық ПБ-ның патрульдік полициясының ең жақын отряды жетті. 49 жастағы тәрбиеші балабақшаға белгілі бір адамның кіріп, құны 120 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрламақ болғанын жеткізді. Ол 40-45 жастағы күдіктінің сыртқы белгілерін сипаттады.
Полицейлер «ізін суытпай» күдікті – 40 жастағы ер адамды ұстады. Ол қылмысын мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.