Сәтбаевта ер адам сауда үйінен ішімдік ұрлап кеткен
Сәтбаевта ер адам сауда үйінен ішімдік ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz
31 қазанда Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне сауда үйлерінің бірінде ұрлық орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, тергеу жұмыстарын бастады. Жәбірленуші 62 жастағы ер адам жеке кәсіпкер екенін және сауда үйінде азық-түлік өнімдерін сату бөлімі бар екенін түсіндірді.
Кезекті тексеру кезінде белгісіз біреу осыдан төрт күн бұрын құны 16 мың теңге тұратын виски бөтелкесін ұрлап кеткені белгілі болды. Сауда орнында орнатылған бейнебақылау камерасын зерделеу кезінде 40-45 жас шамасындағы бір ер адамның күртешесінің астына қымбат алкогольдік ішімдік бөтелкесін тығып, кассаның жанынан қалай өткені көрінді.
Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 41 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ұсталған адам кінәсін мойындады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.