Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ер адам түзеу мекемесіне гашиш алып кірмек болған

Астанада ер адам түзеу мекемесіне гашиш алып кірмек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Астана қаласы ҚАЖД-ның қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында №3 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, мекеме аумағына есірткі затын алып кірудің алды алынды. Мекеме аумағының өнеркәсіптік аймағында орналасқан “Жол бұйымдар зауыты” ЖШС-не тапсырыс беруге келген азаматты тексеру барысында оң аяқ киімінен полиэтиленді пакет табылды. Пакет ішінен сұрғылт-жасыл түсті ерекше исі бар зат анықталды.

Жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесінде аталған зат жалпы салмағы 8,58 грамды құрайтын гашиш есірткісі болып шықты.

Қазіргі таңда аталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іс әркеттері үшін бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қолдануы мүмкін.

Мекемеде жазасын өтеушілердің қолдарына тыйым салынған заттардың түсуінің алдын алу жұмыстары күшейтіліп, бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табатын болады. Қызметкерлердің жедел ақпаратты дер кезінде анықтауларының арқасында жыл басынан бастап, жалпы салмағы 290 грамды құрайтын есірткі затын алып кірудің алды алынды, – деді департамент бастығы Д. Рақымбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру