Сәтбаевта зейнеткердің үйінен танысы 500 мың теңге ұрлап кетті
Сәтбаев қаласында зейнеткердің үйінен танысы 500 мың теңге ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қарашада Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 72 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Зейнеткер үйге белгісіз біреу кіріп, сейфтен 500 мың теңге ұрлап кеткенін айтты.
Оқиға орнын тексерген полицейлер ұрлық белгілерінің жоқтығын анықтады. Ұрлықты үйге кіруі мүмкін біреу жасады деген нұсқа болған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 9 желтоқсанда криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Анықталғандай, күдікті жәбірленушінің қызының танысы екен. Ол зейнеткердің жинаған ақшасын қайда сақтайтынын білетін. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.