Сауда орталығынан заттар ұрлаған адамның әрекеті әшкереленді
Қарағанды облысында сауда орталығы алаңынан ұрлық жасалған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жезқазған қаласының ПБ қызметкерлері жедел–тергеу іс-шараларын жүргізу барысында 36 жастағы азамат анықталып, қолға алынды. 25 тамыз 14:00-ден 16:00 сағат аралығында сауда орталығы алаңынан жасырын түрде вафли, жаңғақ пісіру құралдарын, сонымен қатар шаш алу машинасына ұрлық жасаған. Жалпы шығын көлемі – 30 мыңнан астам теңге құрайды.
Заттай дәлелдемелері тәркіленді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының 188-бабы 1-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.