Сауда үйінде киім ұрлаған ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды
Көкшетауда сауда үйінде киім ұрлаған ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қаңтарда сағат 14:10-да Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне дүкендердің бірінің директорынан 22 қаңтарда сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін белгісіз тұлға Көкшетау қаласының сауда орталықтарының бірінде киім ұрлағаны туралы арыз келіп түсті. Шығын сомасы 18 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері сауда үйінде орнатылған камералардың көмегімен күдіктінің жеке басын анықтады. Ол уақытша жұмыс істемейтін 34 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Ер адамдарға арналған киім бөлімінде ол күртеше, екі жемпір мен шалбар таңдап алып, заттардың қорғаныш құрылғыларын алып тастағаннан соң пакетіне салып, кетіп қалған. Кейін күдікті ұрланған заттарды базарда сатқан.
ҚР ҚК 187-бабы 1-бөлігі (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.