Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір тәулікте қауіпсіздік белдігін тақпаған 53 жүргізуші анықталды

Шымкентте бір тәулікте қауіпсіздік белдігін тақпаған 53 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғалары кезінде жүргізуші немесе жолаушы қауіпсіздік белдігін тақпау салдарынан болатын жарақат алу жағдайлары көп. Жүргізушілер арасында кең таралған жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі – қауіпсіздік белдігін тақпау.

Шымкент қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бір тәулікте  жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 53 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды.

Аталған жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамаған жүргізушілерге бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру