Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саяжайларда рейд жүріп жатыр

Қызылордалық полицейлер көпқабатты үйлердің аулаларын аралап, қала маңындағы саяжай учаскелеріне рейдтер жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөренің тапсырмасы бойынша күн сайын облыс орталығындағы Ақмешіт, Мерей, Сырдария шағын аудандарында және қала маңындағы саяжай учаскелеріне Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен кешенді рейдтер жүргізіліп жатыр.

Күнделікті жүргізіліп жатқан бұл шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуболып табылады.

Іс-шараға төрт патрульдік автокөлік, атты полиция взводы, Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері мен учаскелік полиция  инспекторлары жұмылдырылды.

Саяжай учаскелерін атпен жүріп, бақылау қолайлы. Атты полиция взводы тұрғылықты мекен-жайлары жоқ тұлғаларды басты назарға алады. Күзгі өнім жинау науқаны басталысымен күшейтілген режимде қызмет атқарады.

Полицияның бірінші кезектегі міндеті азаматтардың өмірін, денсаулығын, конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады. Өткізіліп жатқан бұл шара құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында ұйымдастырылып отыр, – дейді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Ермек Искаков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру