Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда кеше түнде мас күйінде 5 жүргізуші ұсталды

“Мас жүргізуші” іс-шарасы Алматы қаласында өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Оның мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарда жазатайым оқиғалар мен өлім-жітімді болдырмау және азайту, сондай-ақ, мас күйінде көлік жүргізу фактілерін анықтау.

– Күнделікті іс-шаралар барысында мамандандырылған батальон инспекторлары, сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізу фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Өкінішке орай, заңнаманың күшеюіне қарамастан, кейбір автокөлік жүргізушілері алкоголь ішкеннен кейін рөлге отырады және жиі жол-көлік оқиғаларына кінәлі болады. Мәселен, биыл жыл басынан бері қала жолдарында мас күйінде 308 жүргізуші ұсталды, олардың бесеуі кеше түнде анықталды. Сонымен қатар, аталған рейд барысында 10 мемлекеттік нөмірлерсіз және жалған МТНБ-мен жүрген жүргізушілер, сондай-ақ, терезесін қараңғылап алған тағы 10 көлік анықталды. Бұған қоса, бұрын соттан көлік айдау құқығынан айырылған жүргізуші анықталды және көлік құралын айдаудан босатылды, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті әкімшілік Полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.

“Мас жүргізуші” ауқымды іс-шарасы одан әрі де жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру