Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мотоәуесқойлардың жол жүрудегі тәртібі назарда тұр

Қызылордалық полицейлер мотокөлік иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтанның тапсырмасымен мотокөлік жүргізушілерінің тарапынан болатын жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мен ескерту, мотокөліктердің қатысуымен орын алатын жол апаттарының алдын алу мақсатында қызылордалық полицейлер мотокөлік иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, 30 мамыр күні Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының кезекші инспекторы бейнебақылау камерасы арқылы облыс орталығында түнгі уақытта Қызылорда қаласы жастарының басқаруындағы  “Сузуки” маркалы мотокөліктері байқалып, жақын аймақтағы патрульдік бекеті жіберіліп, оларға ескерту жасалды.

Дәл осы күні тәртіп сақшылары екі мотокөлік иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалыс ережелері талаптарының  қатаң сақталуын, оның ішінде ең бастысы көлік құралының жылдамдығын арттырмау қажеттігін ескертті.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру