Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жігіт егде жастағы тұрғынға шабуыл жасады

Петропавл полицейлері егде жастағы қала тұрғынына шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 маусым күні сағат 14 шамасында Петропавлдағы орталық көшелердің бірінде белгісіз қылмыскер 1955 жылы туған қала тұрғынына шабуыл жасап, оның алтын алқасын алып кетпек болған. Өтіп бара жатқан адамнан қорыққан қаскөй ойлаған ісін жүзеге асыра алмаған. Қала тұрғыны бірден “102” арнасына хабарласқан. Сол күні жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ол ұсталды. Бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған 36 жастағы Петропавл тұрғыны екендігі белгілі болды. Тонау жасауға оқталу фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 191-баптары бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Облыстық полиция басшылығы мұндай қылмыстардың ашылуын ерекше бақылауда ұстайды, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров. “Ізін суытпай” ашу кезінде бөліністердің ұйымдасқан жұмысы ғана емес, сонымен бірге “102” арнасына бірден жүгіну де маңызды шарттардың бірі. Күдіктіні іздеуге қаланы патрульдеуді жүзеге асыратын полицияның кешенді күштері бағдарланып, адамдардың сипаттамасы бойынша ұқсас кісілердің бағыттарын бейнебақылау операторлары қадағалап, жедел уәкілдер мүліктік қылмыс жасағандары үшін жауапқа тартылған адамдар туралы мәліметтерді тексерді.

Жалпы, жыл басынан бері СҚО-да 33 тонау тіркеліп, оның 30-ы ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру