Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде велосипедтер базасы құрылды

Ақтөбелік полицейлер АІК (ақпараттық іздеу картасы– “Велосипед” базасын құрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы базаға ерекше белгілер, маркасы, түрі, түсі, шығарылған жылы, раманың түрі, иесі туралы мәліметтер, өндіруші елі және т.б. қосымша ақпарат енгізіледі.

– Аталған іс-шара велосипедтерді ұрлау фактісін ашуға көмектеседі, өйткені біз велосипед кімге тиесілі екендігін рамалардың нөмірлері бойынша біле аламыз. Жаз басталысымен велосипед ұрлығы жиілеп кетті және велосипед сататын орындарда сауда орындарының иелерімен жаңа велосипедтерді аталған категориялар бойынша есепке қою қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Сонымен қатар, велосипед ұрлығының алдын алу мақсатында Ақтөбелік полицейлер сатушылармен велосипедшілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары тұрғындарға жолдағы қауіпсіздік шаралары мен велосипедтерді сақтау ережелері туралы түсіндіреді.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 46 велосипед ұрлығы тіркеліп, оның 30-ы ашылды.

Үй иелерінің салғырттығы – олар велосипед төлқұжатын сақтамауы сол себепті оны сатып алу фактісін жиі дәлелдеу мүмкін емес, раманың нөмірін білмейді, сондықтан ұрланған велосипедті қайтару мүмкіндігі одан да азая түседі. Бұрын пайдаланылған велосипедті сатып алған кезде оның ұрланған еместігіне көз жеткізу үшін құжаттарды талап ету қажет, – деп толықтырды А.Арыстанов.

Сондай-ақ, велосипедтерді (жеңіл өткізу) сатып алуға дайын жекелеген адамдардың моральдық тұрғыдан төмендігі себептердің бірі болып табылады. Бірақ бұл жағдайда, (көрінеу ұрланған затты сатып алу), сіз оған қандай да бір өтемақы төлеусіз айырылуға тәуекел етуге мәжбүрсіз.

“Темір тұлпар” қорғанысының жалғыз кепілді тәсілі – велосипедті қараусыз қалдырмау. Егер басқа жолы болмаса, оны бір минутқа қалдырсаңыз да, велосипедті байлап кетіңіз, бірақ арзан және жұқа арқандар оңай шешілетінін ескергеніңіз жөн. Ең дұрысы, егер арқанның қалыңдығы саусақтың көлеміндей болса, ол оларды ашқанда қиындық тудырады. Егер арқан мүмкіндік берсе, велосипедті доңғалақ пен рамаға жалғағаныңыз дұрысырақ болады.

Есіңізде болсын, баспалдақ алаңы, тіпті жабық болғанның өзінде велосипедті сақтаудың ең жақсы тәсілі емес.

Полиция қызметкерлері сақ болуларыңызды және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауыңыз, өз мүліктеріңізді сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануыңыз қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру