Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сегіз жасар бала суға кетті

Қостанай облысында сегіз жасар бала суға кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Федоров ауылының жасанды шұңқырында бала суға батып кетті. 21 маусым сағат 14.54-де «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жағадан 13 метр тереңдікте баланың денесін тауып алып шықты. Қайғылы оқиға орны шомылуға жабдықталмаған. 

Бала 8 жаста болғаны белгілі, биыл ол бірінші сыныпты бітірді. Ата-аналардың айтуынша, 20 маусымда сағат 15.00-де бала скейтбордты алып, көшеге шығып кеткен. Кешке қарай ата-аналардың өз бетінше іздестіруі нәтиже бермеді. Содан кейін олар полицияға жүгінген. Белгілі болғандай, сол күні ол су қоймасында балалармен бірге болған.

Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Есіңізде болсын: кез келген су қоймасыбұл аса қауіпті орын!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру