Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 200-ге жуық армениялық көлік тіркелді

Түркістан облысында 200-ге жуық армениялық көлік тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Сарыағаш қаласының тұрғыны өткен жылы Армениядан сегіз көлік әкелген. Бүгінгі күні тұрғын мамандандырылған ХҚКО-қа келіп,  бес көлігін тіркеп, сары нөмір алды. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастанбеков айтып өтіп,  тұрғындарға Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

– Одан бөлекАрмениядан әкелген көліктерін басқа біреуге сатып жіберіп, таппай жүрген жағдайда полицейлер көмектесетінін жеткізді. Яғни  ҚР ІІМ деректер базасы арқылы  табуға мүмкіндік барын айтты. Ең бастысы тұрғындарға заң аясында көліктерін тіркеп, мемлекеттік нөмір беруге қолдау білдіру, – деді өз сөзінде А.Тастанбеков.

Өздеріңізге белгілі, Үкімет қаулысына сәйкес 1 маусымнан бастап ҚР азаматтарына Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген, рөлі сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталған болатын. Ол үшін үш төлем жасалады. Төлемнің жалпы сомасы 11 мың 946 теңгені құрайды. Облыс тұрғындары естеріңізде болсын, армениялық көлігіңізді 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тіркеуге болады.

Түркістан облысының полицейлері Армениядан әкелінген көлікті тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Call-орталығы күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге жұмыс істеп жатыр.

Осылайша, Түркістан облысында тұрғындарға Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеп, сары нөмірлер беру бойынша түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру