Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

“Қауіпсіз жол”  іс-шарасы барысында төрт мыңға жуық жол-қауіпсіздігі ережелерін бұзушылар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17-19 маусым аралығында Түркістан облысы аумағында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын және апаттарды азайтуға бағытталған рейдтер ұйымдастыру.

“Қауіпсіз жол”жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД қызметкерлері 3803 құқық бұзушылық анықтады, оның ішінде 75-ін қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған.

Тәртіп сақшылары көлік құралын мас халде басқару бойынша 32 жайтты анықтады.

Полиция қызметкерлері жылдамдықты арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 217 жүргізушіні тартқан. Қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша 25 жайт, маневр жасау ережелерін бұзушылардың 156 жайт және бағдаршамның тыйым салынған дабылынан өту бойынша 55 дерек анықтады.

Сондай-ақ, көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін 369 жүргізуші жазаланды және 754 қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбағандар айқындалды. Оған қоса, 87 жүргізуші жаяу жүргіншінің жүрісіне басымдық бермегені үшін және 605 жаяу жүргінші жол жүру ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 253 жүргізушіні әкімшілікке тартты.

Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері автокөлікті заңсыз жабдықтаудың 25 жайтын және техбайқаудан өтпеген 113 деректі, көлік құралын рейс алдындағы тексеру мен медициналық тексеруден өтпеген 6 жайтын, 14 заңсыз жолаушы тасымалдау дерегін анықтады.

Одан бөлек, Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қатысушылар арасында жолда жүру қауіпсіздігі бойынша сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме әңгіме жүргізіп, ЖҚЕ жазылған ескертпе қағаздары таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру