Семей колониясында гір көтеру мен қол күрестен сотталғандар арасында жекелей жарыс өтті
Семей колониясында гір көтеру мен қол күрестен сотталғандар арасында жекелей жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Гір (Гир) көтеру, қол күрес – халық арасында кең таралған спорт түрі. Атақты Балуан Шолақ, Қажымұқан кір көтеру өнерін көрсетіп әлемге танымал болған. Осындай бабаларымыздың өнерін ұлықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, жат мінездердің алдын алу мақсатында, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының “Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерімен сотталғандар арасында гір көтеру мен армреслинг жарысын ұйымдастырды.
Жарыс ережесіне сәйкес сотталғандар 24 келілік гір тасын көтеруден сайысқа түсті. Жарысқа 27 сотталған қатысты. Әр қатысушыға 10 минут уақыт берілді. Нәтижесінде 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен А. есімді сотталған екі қолымен 32 келі тасты 61рет көтеріп, топ жарды. Осылайша ол қарсыластарынан басым түсті.
Сонымен қатар қол күрес жарысына білек күші мықты сотталғандар қатысы, жарыс көркін қыздырды. Қызықты да тартысты өткен жарыстың жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдармен марапатталды.
Қызықты ойын соңында сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бойынша бөлім бастығы Максут Бахытбек келген қонақтарға мекеме бастығы атынан ризашылық алғыс білдіріп, алғыс хатпен марапатталып, сотталғандардың өз қолымен жасалған бұйымы сыйға тартылды.