Семей тұрғыны алаяқтың арбауына түсті
Семей тұрғыны алаяқтың арбауына түсті, – деп хабарлайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Семей қ.ПБ Орталық полиция бөліміне 36 жастағы семейлік әйел жүгінді, ол сәуір айының басында бейтаныс жігіт сатып аламын деген сылтаумен оның ноутбугын иемденгенін айтты. Шығын 120 мың теңгені құрады.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 25 жастағы жігітті анықтап жеткізді, ол жауап алу кезінде ломбардтан кепіл билетін алып қойды. Күдікті кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.