Семей тұрғыны алаяқтың қармағына іліккен
Семей қаласының тұрғыны алаяққа 2 800 000 теңгесін өз еркімен беруге келіскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласының ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» пультіне 25 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өз танысының 2020 жылдың наурыз айында оның атына несие ресімдеуге көмектесемін деген уәде беріп, оның 2 800 000 теңге қаражатын заңсыз иемденіп алғанын айтқан.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 27 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев
Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.