Семей тұрғыны бөтеннің ойын приставкасын ломбардқа өткізіп жіберген
Семей тұрғыны бөтеннің ойын приставкасын ломбардқа өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қараша айының ортасында Семей қаласы ПБ-ға облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны хабарласып, бейтаныс адам тегін хабарландыру сайты арқылы оның ойын приставкасын алдап алып, ломбардқа тапсырып жібергенін хабарлады.
Келтірілген шығын сомасы 440 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. Ол 19 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Жауап алу барысында өз кінәсін мойындады. Ұрланған зат тәркіленді.
Алаяқтық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.