Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей түрмесінде балалар бұрышы ашылды

Семей түрмесінде ұзақ мерзімді кездесу орнында балалар бұрышы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласы ОВ-156/15 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жаза мерзімін өтеп жатқан сотталғандарға кездесуге келетін балаларға арналған бөлме жасалып, қолдануға берілді.

Қазақстан Республикасында 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы балаларға ерекше назар аудару керектігін атап өтті.

– Осы Жолдауды қолдау барысында ұзақ мерзімді кездесуге келген сотталғандардың балаларына арналған ойын бөлмесі құрылды. Келген балалардың көңілін аулап, оларға мультфильмдер көруге арналған теледидар мен ойыншықтары бар шағын бөлме жабдықталды. Ашылған күннен бері осы бөлмеде бірнеше баланың күлкісі естіліп, оң нәтижесін беруде, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ерсін Ахметжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру