Семейде алаяқ қоңырау шаламын деп ұялы телефонды қолды қылған
Семейде алаяқ қоңырау шаламын деп ұялы телефонды қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қалалық ПБ Әуезов ПБ кезекші бөліміне 51 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлаған.
Өтініш берушінің айтуынша, шілде айының басында Ертіс өзенінің жағасында өтіп бара жатқан адам оған жақындап, қоңырау шалу үшін ұялы телефон сұраған, содан кейін телефонды алып қашып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 111 мың теңгені құрайды.
Хабарламаны алған полицейлер жедел әрекет етіп, бағдар жасап, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, күдіктіні ұстады. Қаскүнем 40 жастағы Семей тұрғыны болып шықты, ол жауап алу кезінде кінәсін мойындады. Күдіктіден жәбірленушінің ұялы телефоны тәркіленді.
Аталған факті бойынша Семей қаласының тұрғынына қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.